Махаббаттарыңыз шынайы болсын! "Сұлу мен серінің махаббатқа толы сөздері" (Бұл менің "шетсіз" қиялымнан туған "шексіз" сезім. Барлығыңызға осындай құрмет пен сүйіспеншілікке толы махаббат бұйырсын). Бір күндері жалын тұнған көркем, сұлу түнде екі ғашық бірін-бірі жаңа көрсе де көрмегендей сағынысып, бір-біріне тамсанып отыр екен. Кенет жүректі жаулайтын сыр шертіле кетті. Қыз: - Ардақтым, анау Жетіқарақшыға қарашы? Ол – сенің талғамыңдай биік екен. Жігіт: - Жоқ, асылым. Ол – сенің қанша уақыт ұстатпай, сағындырған əппақ алақандарыңды есіме салып тұр. Қыз: - Иə, жаным, сен солай десең, солай-ақ болсын. Енді анау Айға қарашы? Ол – сенің жайдарлы, нұрлы жүрегіңнен аумайды. Жігіт: - Жоқ, күнім. Ол – сенің көрінген тамсана алмайтын мөп-мөлдір жанарыңмен бара-бар. Қыз: - Қамқоршым менің, бұл жолы да сенікі дұрыс болсын. Бірақ соңғы рет менің құрметке толы сөзімді қабылдашы? Жігіт: - Жарайды, ханшайымым. Қыз: - Сен осы ғажайып құбылыстарды махаббатпен құшып тұрған аспанға ұқсайсың. Өйткені, сен ылғи да ата-анаңды, туған-туыстарыңды, достарыңды қорғап жүресің. Жігіт: - Иə, алтыным. Бұл теңеуіңді ризашылықпен қабылдаймын. Аспанның жердегі жəне құшағындағы нəрселерге тірек болғанындай, мен де өз жақындарымның тірегімін. Сен мені əрқашан "азаматым" - деп сүюіңді доғармасаң, сенің де мəңгі тірегің болуға сөз берем! Авторы: Динара Ешнияз

Теги других блогов: қазақша махаббат мәдениет